Қазақстандық спортшылардың 13 ақпан күнгі нәтижесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшылардың 13 ақпан күнгі нәтижесі

13.02.2022
Қазақстандық спортшылардың 13 ақпан күнгі нәтижесі

Биатлон:

Олимпиада ойындарында әйелдер арасында 10 шақырымға созылған із қуу жарысында Галина Вишневская-Шепоренко 52-сатыға тұрақтады. Қазақстандық спортшы жарыс барысында төрт мәрте қателесті.

Ерлер арасында 12,5 шақырымдық із қуу жарысында Александр Мухин 8 рет қателесіп, жарысты 58-орында аяқтады.

Фристайл-акробатика:

Бүгінге жоспарланған әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді.

Шорт-трек:

500 метр қашықтықта жарыстың ширек финалына 3 спортшымыз жолдама алды. Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов 1-топта өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Әділ 5 спортшының арасынан 4-орын алып, жарыс жолын аяқтаса, Денис В финалына дейін жетіп, жарысты 10-орында аяқтады. Жарысқа қатысқан Абзал Әжіғалиев А финалына дейін жетіп, 4-орынға тұрақтады.

Конькимен жүгіру:

Бұл спорт түрінен жарыс жолына Екатерина Айдова шықты. 500 метр қашықтықта өнер көрсеткен Айдова 38,54 нәтижесін көрсетіп, 20-орын алды. Енді спортшымыз Надежда Морозовамен бірге 17 ақпан күні 1000 метр қашықтықта бақ сынайды.

Хабарламаларға жазылу