Қазақстандық спортшылардың 11 ақпан күнгі нәтижесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшылардың 11 ақпан күнгі нәтижесі

11.02.2022
Қазақстандық спортшылардың 11 ақпан күнгі нәтижесі

Шаңғы жарысы:

Виталий Пухкало мен Евгений Величко Олимпиада жүлдесіне іліге алмады. Ерлер арасындағы классикалық стильде шаңғы тебуден жарыс жолына шыққан Виталий Пухкало 40:39.6 уақыт көрсеткішімен 25-орын, ал Евгений Величко 41:27.3 уақытта мәреге жетіп, 40-орын алды.

Бұл сайыста Олимпиада чемпионы фин спортшысы Иво Нисконенн болды. Күміс жүлде Ресей Олимпиадалық комитетінің өкілі Александр Большуновтың, қола жүлде норвегиялық Йоханнес Клебоның еншісінде. Жүлдегер үш спортшы да Олимпиада чемпионы атанды. Большунов скиатлон жарысында чемпион атанса, Клебо спринт жарысында чемпион атанған болатын.

Биатлон:

Әйелдер арасындағы 7,5 шақырымға спринтте қазақстандық спортшы Галина Вишневская Шепоренко жарысты 23 минут 22 секунд нәтижесімен 52-орында аяқтады.

Олимпиада чемпионы норвегиялық Марте Ольсбу Ройзелланд атанды. Күміс жүлде швед спортшысы Эльвира Обергтің еншісінде болса, қола жүлдені италиялық Доротея Вирер жеңіп алды.

Шаңғымен тұғырдан секіру:

Сергей Ткаченко және Данил Васильев іріктеу кезеңінен өте алмады. Данил 51-орын, Сергей 54-орын алды. Іріктеу кезеңінен өту үшін үздік 50 спортшының қатарына ену керек. Ертең 50 спортшының арасынан үздік 30-ы финалдық сынға жолдама алады.

Шорт-трек:

500 метр қашықтықта өнер көрсеткен Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша және Абзал Әжіғалиев ширек финалға жолдама алды. Ширек финал 13 ақпанда («Khabar» арнасында) өтеді.

Хабарламаларға жазылу