Қаңтар құрбандарын еске алуға жиналғандар биліктен оқ атқандарды жазалау мен абақтыда жазықсыз азап шегіп жатқандарды босатуды талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар құрбандарын еске алуға жиналғандар биліктен оқ атқандарды жазалау мен абақтыда жазықсыз азап шегіп жатқандарды босатуды талап етті

13.02.2022

Бүгін Алматының Республика алаңына «Қаңтар трагедиясы» құрбандарын еске алуға жиналғандар биліктен бейбіт азаматтарға оқ атқандарды жауапқа тартуды және еш айғақ-дәлелсіз абақтыда азап шегіп жатқандарды босатуды талап етті.

Назар аудартқан детальға келсек – Тәуелсіздік монументінің жанында ақ парақтарға алма қойған перфоманс дейді ғой, ұйымдастырылды. Ұйымдастырған Денис Стадничук есімді азамат Оrda.kz порталының тілшісіне Қанды қаңтардың құрбандарын бейнеледік дей келе, енді біз жүретін бірнеше жол бар, қандай жолды таңдаймыз, өзімізге байланысты, бір мысал ретінде бөлшек-бөлшек болып қақырап кеткен Ливияны келтіруге болады деген.

Қайталаудан жалықпаймыз - Ешқандай кінәсі жоқ, кінәсін дәлелдейтін ешқандай факт жоқ адамдар тез босатылуы керек. Азаптау сияқты жексұрын әдістер адамдардың тәнін ғана емес, жанын жағып жатыр. Ешкім азапталмауы керек! Ешкім! Заң бұзушы да! Бас прокурор азаптау фактілері бойынша қылмыстық істер ашылғанын айтып отыр, күтеміз. Отставка бер жағы, жазасын алуы керек.

Мың сан проблема сіресіп тұр. Ешкім шешіп бермейді. Отанымыз осы жер. Баратын басқа жер жоқ. Басым көбімізде. Қатталып жатқан проблемаларды шешпесе, «Молотов коктейльдері» жанатынын 5-6 жыл бұрын саясаттанушы Досым Сәтпаевқа сілтеме жасап, айтып едік. Ақыры жанды. Енді апармау керек.«Мұртынан» күлетіндер мүмкіндікті енді жібермейді.


Хабарламаларға жазылу