Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы классикалық стильде 10 шақырымға созылған жарыс аяқталды.
Бұл қашықтық жарыс жолына шыққан спортшыларымыз Ангелина Шурыга 52-орын, Ксения Шалыгина 53-орын, Надежда Степашкина 57-орын, Валерия Тюленева 59-орыннан көрінді.
Енді отандастарымыз 12 ақпан күні командалық эстафетада бақ сынайды. Тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:30-да «Qazsport» телеарнасында. көрсетіледі.