Қазақстандық биатлоншылар Олимпиада жүлдесіне іліге алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық биатлоншылар Олимпиада жүлдесіне іліге алмады

08.02.2022
Қазақстандық биатлоншылар Олимпиада жүлдесіне іліге алмады

Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан 20 шақырымдық жекелей жарыстар аяқталды. Бұл қашықтықта сынға түскен Владислав Киреев жарысты 25-орында аяқтады.

Дегенмен Кирилл нысана көздеу сәтінде бірде-бір қателік жасамады. Александр Мухин жарыс кезінде нысанадан бірнеше рет мүлт кетіп, 52-орынға тұрақтады.

Жекелей сында чемпиондық атақ француз спортшысы Кантен Фийон Майеге бұйырса, күміс жүлде Беларусь биатлоншысы Антон Смольский, қола жүлдені норвегиялық Йоханнес Бё иеленді.

Енді биатлоншылар 10 ақпан күні спринт жарысында бақ сынайды.


Хабарламаларға жазылу