Елде екі айда тұрғын үйді жалға алу бағасы 5,2%-ке өскен. Статистика бюросының мәліметінше, тұрмысқа жайлы баспананы жалдау ақысы шаршы метрі үшін 3400 теңгеге жеткен. Былтыр қаңтармен салыстырсақ, жалға алу құны жиырма пайызға қымбаттап отыр. Сауда нарығында да бағаның біршама өскені байқалады. Бюро жариялаған ресми ақпарат бойынша, жаңа үйлерді шаршы метрі 386 300 теңге. Ал нарықта бар баспананың шаршы метрі 409 200 теңгеге жетті. Сарапшылар нарықта құрылыс материалдарына сұраныстың артуы бағаға әсер етіп отырғанын айтады.