Елімізде баспана бағасы соңғы бір жылда 2,9 пайызға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде баспана бағасы соңғы бір жылда 2,9 пайызға өскен

09.02.2024

Елімізде баспана бағасы соңғы бір жылда 2,9 пайызға өсті. Қазір елімізде жаңа пәтердің бір шаршы метрі 486 мың теңге. Баға әсіресе, Қостанай, Атырау, Алматы қалаларында көтерілген. Ал екінші деңгейлі нарықтағы баспана керісінше 4,4 пайызға арзандады. Қазір оның бір шаршы метрі 493 мың теңгеден есептеледі. Ал үйді жалға алу біршама қымбаттады. Жезқазғанда 26,7 пайызға, Қарағандыда – 23 пайызға, Атырауда 21 пайызға өскен.


Хабарламаларға жазылу