Түркістан облысында бір тәулік бойы хабарсыз кеткен жолаушылар табылды.
Бес адам жетінші ақпан күні сағат 12-лер шамасында жеңіл автокөлікпен Егізқара ауылынан Ынталы елдімекеніне жолға шыққан. Алайда, олар хабарсыз кеткен соң туыстары құтқарушылардан көмек сұрайды. Тұрғындарды іздестіруге өңірдің 9 құтқарушысы арнайы техникамен шығып, жолаушыларды он шақырым жерден тапты. Олар Егізқара ауылының тұсында қар құрсауында қалып қойған. Бәрі дін аман.
Айнұр Ақбаева