Батыс Қазақстанда полицей науқастанған жүкті әйелді құтқарып қалды
Батыс Қазақстанда полицей пойызда ауырып қалған аяғы ауыр әйелді құтқарып қалды. Оқиға Ақсай станциясынан 4 шақырым қашықта, «Орал-Алматы» пойызында болған. Сегіз айлық жүктілігі бар 38 жастағы келіншек кенеттен ауырып, қан кеткен. Пойыз шұғыл тоқтатылып, «жедел жәрдем» шақыртылған. Бірақ станциядан қашық, айдалада тұрғандықтан, дәрігерлер ол жерге бара алмаған. Сол кезде оқиға орнына бірінші боп жеткен желілік полиция бөлімінің бастығы Мұқатай Аяпов әйелді көтеріп алып, күртік қардан өтіп, көлігімен ауруханаға жеткізген. Келіншекке кесір тілігі жасалып, аман-есен қыз бала дүниеге келді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында елуге жуық заңсыз қоқыс орны жойылды
17.09.2025, 14:24

Жұмысшы мамандық: Абай облысында 200 грант бөлінді
17.09.2025, 14:21
Елімізде ең көп кәсіпкер Түркістан облысында тіркелген
17.09.2025, 14:19
Көлік логистикасы экономиканың негізгі тірегі
17.09.2025, 14:16
Сарапшы: Жолдауда дамудың негізгі бағыттары айқындалған
17.09.2025, 14:13
Сарапшы: Жасанды интеллект санаға серпін береді
17.09.2025, 14:10
Ислам мәдениеті ұйымы діндер арасындағы татулыққа шақырады
17.09.2025, 14:06
Президент: Діни дипломатияның әлеуетін пайдалану маңызды
17.09.2025, 14:03