Қырғызстанда халықты вакциналау науқаны жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда халықты вакциналау науқаны жалғасып жатыр

08.02.2022

Қырғызстанда халықты коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасып жатыр. Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің мақұлдауымен жергілікті тұрғындарға негізінен «Sinopharm», «Sputnik V», «Pfizer» және «AstraZeneca» екпелері салынады.

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің бүгінгі есебінше, Қырғызстанда пандемия басталғалы 199500-ден астам адам коронавирус жұқтырып, 2905-і қайтыс болған.

Сонымен қатар, осы күнге дейін Қырғызстан халқының 17 пайызы немесе 1 миллион 100 мыңнан астамы ковидке қарсы толық иммундалған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу