Токио Олимпиадасы кейінге қалдырылмайды - ұйымдастыру комитеті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио Олимпиадасы кейінге қалдырылмайды - ұйымдастыру комитеті

03.06.2021

Токио Олимпиадасы доғарылмайды және кейінге қалдырылмайды. Мұны Жазғы Ойындарды ұйымдастыру комитетінің президенті Сейко Хашимото бүгін «Никкан спорт» газетіне берген сұқбатында мәлімдеді. 

Айта кетсек, соңғы кездері Жапонияда жүргізілген социологиялық зерттеулерде респонденттердің басым бөлігі Олимпиаданы өткізбеу қажет деген пікір білдірген. «Токио Симбун» газетінің мәліметінше, ел астанасының тұрғындары да осындай ойда.

Жапония қазір коронавирус пандемиясының төртінші толқынымен күресіп жатыр. Ал, жергілікті халықты вакциналау науқаны баяу жүргізіліп, Токионы қосқанда 10 аймақ маусымның 20-на дейін төтенше жағдай режимінде болады.

Айта кетсек, бұл мемлекет өзге елдер тәрізді ковидті жаппай жұқтырған жоқ. Бірақ, пандемия басталғалы Жапонияда коронавирус 746 мың адамнан табылып, 13 мыңнан астамы қайтыс болған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу