Үгіт-насихат науқаны жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үгіт-насихат науқаны жалғасып жатыр

09.03.2023

Үгіт-насихат науқанының аяқталуына санаулы күн қалды. Мәжіліс және мәсихат депутатығына кандидаттар ел аймақтарын аралауды жалғастыруда. Тұрғындармен қатар еңбек ұжымдарындағы азаматтардың да мәселесін тыңдап жүр.

«AMANAT» партиясының Шымкент қаласындағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Республикалық сайлауалды штаб мүшелері мегаполистегі «Айна» базарында өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жастармен еркін форматта кездесу өткізді. Кандидаттар мен тұрғындар өзара пікір алмасып өзекті мәселелерді талқылады. Жиында, жаңа жұмыс орындарын ашу, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік қолдау жайы сөз болды.

Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:

Беріліп жатқан мүмкіндікке бүгінгі сіздер қолжеткізу үшін өздеріңіз міне, сіз таксистсіз бе? Сіз одан да тұрақты жұмысқа ұмтылыңыз. Кеше ғана өздеріңіз сияқты жұмыссыз жүрген бір топ жастар келіп отыр, көрсетіп отыр қалай істеді, біз қалай жеттік деп. Осы азаматтарға, жастарға қарап сіздер де бой түзу керек деп мен ойлаймын.

«Ауыл» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Ақтөбе облысында жалғастырды. Кандидаттар елді мекендерді аралап, жергілікті халықпен кездесті. Саяси ұйымның негізгі тұғырнамасын түсіндірді. Алыс ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысты. Одан кейін Қобыланды батыр мәңгі тыныстап жатқан Қобда ауданына барды. Ары қарай Әлия ауылына соғып, мәдениет үйінде жиналыс өткізді. Ақтөбе қаласының іргесінде орналасқан ауыл шаруашылығы кооперативінің жұмысын көрді.

Бағдаш Тупенова, Ә. Молдағұлова атындағы орталық директоры:

Бұл еліміз үшін үлкен науқан. Науқанға Әлия ауылының тұрғындары да үлкен дайындық жүргізіп жатыр. Өзім де сол күні дауыс беріп, өз таңдауымды жасауға дайынмын.

Өңірлерде өндіріс саласына мамандар жетіспейді. «Respublica» партиясының Қарағанды облысындағы сайлаушыларымен кездесу барысында осы мәселе көтерілді. Өндіріс орындарының жұмысшылары қауіпсіздікке байланысты сауалдарын қойып, пікір алмасты.
Сондай-ақ үгіт-насихат тобы өңірдегі тігін фабрикаларының біріне тоқтап, жұмыс барысымен танысты. Мұнда әлеуметтік жағдайды жақсарту жайында әңгіме өрбіді.

Айдарбек Қожаназаров, «Respublica» партиясының төрағасы:

Біріншіден ол экология мәселесі. Әсіресе жаңа жолда келе жатсақ, қарлардың бәрі қап қара. Қардың үстіндегі қара дақ сияқты біздің Теміртау тұрғындарының өкіпесі де сондай қара. Сондықтан біз ең бірінші осы мәселені шешуіміз керек.

Қазақстан халық партиясы аймақтардағы сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жалғастыруда. Ұйым төрағасы Ермұхамет Ертісбаев бастаған топ Павлодарда еңбек ұжымдарымен кездесті. Солардың бірі күйдірілген мұнай коксын өндіретін зауыт. Үміткерлер кәсіпорын қызметкерлеріне партияның бағдарламасын таныстырды. Толғандырған сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Айта кетейік Қазақстан халық партиясынан мәжіліс депутатығына 66 кандидат ұсынған.

Ермұхамет Ертісбаев, «Қазақстан Халық Партиясы» ҚБ төрағасы:

Мен тұрған Павлодардағы мұнай коксын өндіретін кешен өңірдің, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда. Жұмысшылардың еңбек жағдайымен таныстық. Қаладағы басқа да бизнес өкілдері, қоғам белсенділерімен кездесіп түрлі ұсыныстар тыңдалды.
«Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері Жамбыл облысындағы сайлаушыларымен кездесті. Іс-шаралар бекітілген кестеге сай, заң аясында жүзеге асып жатыр. Өңірлік штаб өкілдері бүгін «Жамбыл-су» коммуналдық мекемесінде болып, еңбек ұжымымен кездесті. Жүздесу барысында саяси ұйым тұғырнамасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Таза ауыз су, кәріз жүйесі, тұрмыстық қалдықтар мәселелеріне қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

Жанат Шымырбаева, кәсіпорынның бөлім басшысы:

Партия өкілдері бізбен кездесті. Сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Өзімізді мазалап жүрген түрлі сала бойынша сұрақтарымызды қойдық. Кездесу еркін ашық форматта, жақсы өтті.

Алматыда бейбіт шеру өтті. «Ақ жол» партиясының өілдері қала ішіндегі саябақтың бірінде жиналды. Еліміздің әнұранын шырқаудан басталған жиын жастардың би билеп, ән айтуымен жалғасты. Жиналғандарға партияның сайлауалды тұғырнамасы таныстырылды. Қойылған сұрақтарға барлығы жауап алды. Кәсіпкерлер ой-пікірмен бөлісіп, бизнес ашудың қыр-сырын айтты. Әкімдікпен келісілген бейбіт шеруге 500-ге жуық адам қатысты.

Азат Перуашев, «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы:

Енді осы жиналысымыздың мақсаты бұл партиямыздың бастапқы ұстанымдарын талқылау. Склейка Әрі қарай сайлауалды үгіт-насихат кампаниясы енді шешуші сондай кезекке келіп отыр. Сол үшін өзіміздің мүшелерімізге бір серпін беріп, бір бағыт беруге тырыстық.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Павлодар облыстық штабындағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Саяси ұйым мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Олар бүгін Екібастұз тұрғындарының көптеп шоғырланатын орындарында парақшаларын таратып, плакаттарын ілді. Сайлаушыларға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Штаб басшысының айтуынша, бұл науқанға 100-ге жуық волонтер жұмылдырылған.

Ажар Сағандықова, Павлодар облыстық штабының басшысы:

Облыс бойынша күніне 2-3 мыңға жуық үгіт парақшаларын арнайы тақтайшалар мен көпқабатты үйлердегі хаттама жәшігіне орналастырамыз. Барлығы сайлау заңнамасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. сайлауалды бағдарламамыз бен жалпы науқанның маңыздылығын түсіндіреміз.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу