Шығыс Қазақстан облысында 1 жастан асқан бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылуы 98 пайызға жетті. Өңірдегі білім басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бүгінгі таңда аймақта 790 мектепке дейінгі мекеме бар. Онда 56 мың 700 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр.
Ал әлеуметтік осал топқа жататын төрт мыңға жуық бала тегін балабақшаға барады. Мектепке дейінгі тәрбиемен 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 98 пайызы, 6 жасқа дейінгі балалардың 100 пайызы қамтылған. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында соңғы бір жылдың ішінде 1600-ге жуық орынды қамтитын 11 жекеменшік балабақша ашылған.