Сауда үстемелерін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету қажет - Депутаттар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауда үстемелерін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету қажет - Депутаттар

03.02.2022

Сауда үстемелерін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету қажет. Осылай деген депутаттар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті баға белгілеуді ұсынды. Елдің азық-түлік нарығы әлі күнге дейін импорттық өнімдерге тәуелді. Мысалы, елге сүт өнімдерінің 23%-ы, құс етінің 38%-ы және шұжықтың 44%-ы шетелден әкелінеді. Депутат Бауыржан Қаниев бұның мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне кері әсер етіп отырғанын жеткізді. Экспорт пен импорттың теңдігін сақтауды ұсынып отыр. Сонымен бірге елде шығарылмайтын өнімдерді сатып алу тетігін енгізу керек деп санайды. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу