Елімізде депозиттерге берілетін үстеме өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде депозиттерге берілетін үстеме өсті

11.03.2020

Банктерде ақшасын теңгемен сақтайтындар үшін жағымды жаңалық. Депозиттерге берілетін үстеме өсті. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мерзімсіз депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемені - 12,5 пайызға, ал қысқа мерзімге салынған қаржы үшін - 13 пайызға дейін көтерді. Осының негізінде қаржы иститутарының бірқатары теңгелей жинақтардың үстемелерін ең жоғары шегіне дейін арттырған. Бұл тұрғындарды банктерде ақшасын теңгемен сақтақтуға көбірек тарту үшін жасалып отырған қадам екені белгілі. Десе де базалық мөлшерлеменің 12%-ға дейін өсуі несие пайызын да өсіріп жіберді. Мәселен, екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асып жатқан «Баспана хит» мемлекеттік ипотекалық бағдарламасының несиесі 11% -дан 13,75% -ға дейін өсті. Яғни осы жүйе арқылы жаңадан ипотека алам деушілер үш пайызға жуық артық үстеме төлейді. Бұл туралы Қазақстанның орнықтылық қоры мәлімдеді.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу