Қызылордада ломбард тонағандар ұсталды. Олар жаппай тәртіпсіздік кезінде кәсіпкерлік нысанға ұрлыққа түсіп, ондағы бағалы заттарды үптеп кеткен. Бірақ бір айға жетпей, полиция қылмысқа қатысы бар деген екі қала тұрғынын ұстады.
Күдіктілерден айғақ зат ретінде 125 дана алтын сақина, 22 алтын алқа, 7 алтын білезік, 3 алтын сағат пен ноутбук тәркіленді. Ұрылар бағалы бұйымдарды қала шетіндегі қараусыз қалған үйге тығып қойған. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қос сыбайлас қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.