Дәл қазір елордада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталды. Бүгінгі күн тәртібінде палата өкілдері ұсынған бірнеше конституциялық заңға өзгерістер енгізу қарастырылмақ.
Оның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мәселелері бар. Сондай-ақ кедендік аумақ арқылы қауіпті қалдықтарды өткізу бойынша келісімді ратификациялау туралы заң жобасы да жан-жақты талқыланады.