Мәжілістің жалпы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілістің жалпы отырысы өтті

24.12.2014
Мәжілістің жалпы отырысы өтті

Оның айтуынша, сессия басталғалы төменгі палатаның қарауына 104 Заң жобасы түсіп, оның 38-i Сенатқа жiберiлген.

Олардың iшiнде 27 Заң жобасына қол қойылыпты. Бүгiнгi отырыста тағы да 7 заң жобасы Сенат қарауына жiберiлiп отыр.

Сессия басталғалы 22 халықаралық келiсiм ратификацияланды. Бүгiнгi күнi Мәжiлiсте 66 Заң жобасы қаралуда.

Олар экономика мен әлеуметтiк саланың маңызды бөлiктерiн қамтиды.

Биыл атқарған жұмыс аз емес, дегенмен келесі жылға артылған жүк те ауқымды, деді Мәжіліс спикері.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу