Мәжілістің жалпы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілістің жалпы отырысы өтті

18.02.2015
Мәжілістің жалпы отырысы өтті

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жұртшылықты Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысын қолдауға шақырды. Халық қалаулылары атынан Үндеуді депутат Жұматай Әлиев оқыды.

«Біз отанымыздың шынайы патриоттары ретінде, Мемлекет басшысының сарабдал саясатын алға тартып, саяси науқанды қолдайтынымызды білдіреміз. Бұған дейін Парламентке мұндай ұсыныстар сайлаушыларымыздың тарапынан түсетін. Сол себепті, Мәжіліс депутаттары сайлаудың ел дамуы жолында стратегиялық маңызы зор қадам болатынына сенімді»,- делінген Үндеуде.

Парламенттің төменгі палатасы бұл бастамаға қазақстандықтар мен халықаралық қауымдастықтың қолдау білдіретініне үмітті.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу