Шетел валютасына сұраныс артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетел валютасына сұраныс артқан

01.02.2022

Ал долларға сұраныс арта түсті. Ұлттық банктің хабарлауынша ел азаматтары желтоқсанда 488 миллиард теңгеге шетел валютасын сатып алған. Басым бөлігі 378 миллиард теңгеге доллар алыпты. Бұл жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 87 пайызға көп. Сарапшылардың айтуынша бұған доллар қымбаттайды деген болжамдар мен мұнай бағасының құбылуы әсер еткен. Десе де қара алтын керісінше қымбаттап келеді. Бренттің баррелі қазір 90 доллар шамасында. Мұндай баға соңғы рет 2014 жылы болған еді.


Хабарламаларға жазылу