Шетел валютасына сұраныс азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетел валютасына сұраныс азайды

18.05.2022

Өткен айда әлемдік қаржы нарығындағы құбылмалы жағдайға қарамастан, теңге долларға шаққанда 5 пайызға жуық нығайды. Ұлттық банк төрағасының орынбасары теңге құнының өсуіне шетел валютасына сұраныстың азаюы әсер еткенін айтты. Сонымен бірге Әлия Молдабекова рубль бағамының қайта қалпына келуі де теңгенің нығаюына себеп болғанын жеткізді. Өйткені тауар экспорттаушыларға валютаны міндетті түрде сату туралы талап қойылған. Сәуірде Ұлттық Банк валюталық интервенция жүргізген жоқ. Қазір қор биржасында бір доллар 432 теңге. Еуро 450 теңге, Рубль 6 теңге 70 тиынға теңесті.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу