Шығыс Қазақстандағы шекаралық ауылдарда ревакцинация жүргізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы шекаралық ауылдарда ревакцинация жүргізіліп жатыр

01.02.2022

Шығыс Қазақстандағы шекаралық ауылдарда коронавирустық инфекцияға қарсы егу қарқынды жүргізіліп жатыр. Үржар ауданында індетке қарсы екпенің екі компонентін алғандар ревакцинациядан өтуде. Аудандағы барлық ауылда дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер қажетті вакцинамен қамтамасыз етілген. Мамандар наурыз айына дейін ревакцинация толық аяқталады деп отыр.

Анар Садықова, Үржар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Үржар бойынша бірінші компонентін 100 пайыз алды. Екінші компоненті бойынша 90 пайызға орындалуда. Ревакцинация 80 пайыз болды.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу