ШҚО-да сайлаушылардың жартысынан көбі өз таңдауын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да сайлаушылардың жартысынан көбі өз таңдауын жасады

25.07.2021

Шығыс Қазақстан облысы бойынша да ауыл әкімдерін сайлау қызу жүріп жатыр. Өңірде 77 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

Ержан Жақып, тілші:
Шығыс Қазақстандағы ауылдарда қазір ауыл әкімдерін сайлау науқаны ойдағыдай өтіп жатыр. Облыс бойынша 235 үміткер тіркелген. Олардың 85 – і саяси партиялардың атынан, қалған 150 үміткер өзін-өзі ұсынғандар. Қазір біз Семей қаласының іргесіндегі Шақаман ауылындағы № 195 ші сайлау учаскесінде тұрмыз. Сайлау комиссиясы төрағасының ақпаратынша науқан барлық заң талаптарына сай өтіп жатыр.

Қайрат Шақабаев, № 195 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:
Сайлау учаскесінде 822 сайлаушы бар. Қазіргі күнде келіп жатыр. 35 кісі .йде дауыс беретін. Өтініш бойынша үйден дауыс береді. Автобуспен шығып, сол үйлерден дауыс жинайды. Жауапкершілік, белсенділік жоғары халықта.

Ержан Жақып, тілші:
Айта кетерлігі ауыл әкімдерін сайлау барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілуде. Кіре берістерде дауыс беруге келген әрбір адамның дене қызуы өлшеніп, залалсыздандыру жүргізіліп жатыр. Өңірлік сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес қазіргі уақытта облыстағы науқан өтіп жатқан ауылдарда сайлаушылардың 50 пайыздан астамы өз таңдауларын жасаған.


Хабарламаларға жазылу