«Хабар» арнасы қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Хабар» арнасы қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм түсірді

26.01.2022

«Хабар» арнасы қаралы қаңтар оқиғасына байланысты «Трагический январь: как это было» атты деректі фильмнің алғашқы көрсетілімін ұсынды. Кинокөрсетілім бір минут үнсіздікпен басталды. Қатысушылар қанды оқиға құрбандарын еске алды.

Бағдарламада қаңтар оқиғасының хронологиясы толық қамтылған. Жаңа жылда жарқ еткен отшашулардың соңы қанды қақтығыстарға, жарылыстарға ұласады деп ешкім ойлаған жоқ. Осы көріністер салыстырмалы түрде фильмде бейнеленген.

Бұзақылардың әккі әрекеті, әскерилерден сұхбат, бұрын-соңды жарияланбаған бейнежазбалар туындыда көреремен назарына ұсынылады. Көтерілістің басталуы, шарықтау шегі мен соңғы салдары толық көрсетіледі. Қаңтар оқиғасын ұйымдастырған террористер екенін аңғаруға болады. Фильмде бұған қатысты дерек-дәйек көп. 

Хабарламаларға жазылу