Қызылордада университет ұжымы ревакцинациядан өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада университет ұжымы ревакцинациядан өтіп жатыр

26.01.2022

Қызылордада Қорқыт ата атындағы университеттің оқытушылары жаппай ревакцинациядан өтіп жатыр. Екпе егу іргелі оқу орнының ғимаратында жүргізілді.

Ұжымдық иммунитет қалыптастыруда университеттің белсенділігі жоғары. Бұған дейін педагогтардың 98 пайызы екпенің 2 компонентін салдырған. Ревакцинацияның алғашқы легімен 100 оқытушы «Спутник лайт» вакцинасын алды. Жалпы оқу ордасында бүгінде 8 000-ға жуық студент бар. Білім алушылардың 94 пайызына коронавирусқа қарсы екпе егілген.

Жандос Базартай, университет проректоры:

Осы уақытқа дейін 2 компонентін алған болатынмын. Міне, қазір 6 ай уақыт өтті. Ревакцинациядан өтіп тұрмын. Оқу 7 ақпаннан оффлайн басталады. Соған байланысты ревакцинацияны бүкіл студенттер өтуде.


Хабарламаларға жазылу