Қызылордада асық ойынынан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада асық ойынынан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

29.04.2023


Бұл - Қызылордада өтіп жатқан асық ойынынан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты. Ұлттық спорт түріне енген додаға еліміздің әр өңірінен 150-ге жуық қатысушы келіп, өзара мықтыны анықтауда. Ойыншылар командалық сайыста бақ сынайды. Жалпы чемпионатқа 16 команда қатысып жатыр.

Сәбина Серікова, жарысқа қатысушы:
Бес асық ойнап жатырмыз. Тобымда үш қыз бар. Бірінші команданы 2:1, екінші команданы 3 қызды да ұттым. Менің және командамның осы басты мақсаты осы сайыста бірінші орын алу.

Хабарламаларға жазылу