ЕҚЫҰ жанындағы британ Елшісі Қазақстандағы қаңтар оқиғасы ашық тергелетініне сенім білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҚЫҰ жанындағы британ Елшісі Қазақстандағы қаңтар оқиғасы ашық тергелетініне сенім білдірді

25.01.2022
ЕҚЫҰ жанындағы британ Елшісі Қазақстандағы қаңтар оқиғасы ашық тергелетініне сенім білдірді

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы жанындағы Ұлыбритания миссиясы 2022 жылғы 20 қаңтарында Венада өткен ұйымның тұрақты кеңесінің отырысында Қазақстандағы ахуал талқыланған мәлімдемесін жариялады.

«Жақын дос ретінде біз соңғы аптада Қазақстан халқы тап болған қайғылы оқиғаларға алаңдаймыз. Зорлық-зомбылық салдарынан адамдардың қаза табуына қайғырып, қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Зорлық-зомбылық және мүліктерді қирату актілерін айыптаймыз және Алматы және басқа да қалалардың тыныс-тіршілігі қалыпты арнаған түсе бастағанына қуаныштымыз», - деді ЕҚЫҰ жанындағы Ұлыбританияның тұрақты өкілі, Елші Нил Буш.

Британдық делегация Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде бейбіт шерушілер мен Алматы және басқа да қаладағы бейбіт шерулерді пайдаланған «ұйымдасқан қылмыстық элементтер» арасындағы нақты айырмашылықты атап өткенін қолдады. Бұл топтың «конституциялық билікті құлатуды көздегені анық» деп атап өткен дипломат «жан-жақты тергеуді қажет ететін мәселе» екенін баса айтты.

«Біз Қазақстан Президентінің осы оқиғаның шығуына, адам өліміне не түрткі болғанын анықтау үшін тергеу комиссиясын құру туралы шешімін қолдаймыз. Қазақстан билігінің бұл тергеулерді тиімді әрі ашық және Қазақстан халқының сеніміне ие болуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесін қолдаймыз», - делінген Елші мәлімдемесінде.


Хабарламаларға жазылу