Буркина-Фасода әскерилер билікті күшпен басып алды. Олар мемлекеттік арна эфирінен ел президенті Рок Каборенің биліктен аластатылғанын мәлімдеді. Айтуынша, ел үкіметі мен Парламенті таратылып, құрлық, әуе шекарасы жабылған. Әзірге, президенттің қайда екені белгісіз. Кей мәліметтерге сай, төңкеріс кезінде ұсталғандар әскери казармаларға апарылған. Буркина-Фасодағы әскери төңкеріс солдаттар ел астанасында оқ атып, казармаларды басып алғаннан кейін болды.
Бүлікті ұйымдастырған әскерилер елдегі қауіпсіздіктің нашарлап кеткенін айтып, президенттің отставкаға кетуін талап еткен.
Арай Төлегенқызы