Зимбабведе ел президенті Роберт Мугабе отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зимбабведе ел президенті Роберт Мугабе отставкаға кетті

22.11.2017

Бұл туралы парламент спикері Джейкоб Муденда мәлімдеді. Оның сөзінше, 93 жастағы Мугабе депутаттарға хат жолдап, онда Конституцияның 96-бабына сәйкес, қызметтен кететіні туралы жариялады. Бұл жаңалықты парламент депутаттары қуанып, қол шапалақтап қабылдады. Сондай-ақ, осыған байланысты ел астанасы Хараре мен бірнеше қалаларда халық мәз-мейрам болып, көшеге шығып, тойлап жатыр. 

Естеріңізге салсақ, таяуда жергілікті әскерилер ең қарт президентті отбасы мүшелерімен тұтқынға алған. Олар оның айналасындағылар елге экономикалық және әлеуметтік зардап келтірді деп айыптады.

Айта кетсек, Роберт Мугабе Зимбабве 1980 жылы тәуелсіздік алғаннан бері билікте отырған. Оның орнына енді 75 жастағы бұрынғы вице-президент Эммерсон Мнангагва келуі тиіс.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу