Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Буркина-Фасо құрамасымен жолдастық матч өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Буркина-Фасо құрамасымен жолдастық матч өткізеді

21.04.2015
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Буркина-Фасо құрамасымен жолдастық матч өткізеді

Буркина-Фасо құрамасы ФИФА рейтингінде 66-шы орында тұр. Құраманы 59 жастағы бельгиялық бапкер Паул Пут жаттықтырады. Буркина-Фасо елінің шабуылшысы Аристид Бансе  павлодарлық «Ертіс» клубында ойнайды.

«Буркина-Фасо – Африканың мықты құрамаларының бірі. 2013 жылы Африка Кубогының финалында ойнаған. Құрама сапында Еуропа чемпионаттарында ойнайтын Бакари Коне («Лион», Франция), Шарль Каборе («Кубань», Ресей), Алан Траоре («Монако», Франция), Стив Яго («Тулуза», Франция), Джонотан Зонго («Альмерия», Испания), Преджус Нукулма («Мелсин», Түркия)  сынды тәжірибелі футболшылар бар», - дейді Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан.

Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Буркина-Фасо құрамасы арасындағы жолдастық матч 12 мамыр күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Матч сағат 18:00-де басталады. 

Хабарламаларға жазылу