Мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Татарстан Президенті Рустам Миннихановты қабылдады. Тараптар сауда-экономикалық, өнеркәсіп және технология саларындағы өзара ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановқа ілтипат білдіріп, Ресей Федерациясымен арадағы көпжақты қатынастарды дамыту ісінде Татарстанның маңызды орын алатынын атап өтті.