Мемлекет басшысы Татарстан раисымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Татарстан раисымен кездесті

25.09.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Иннопром» көрмесіне келген Татарстан раисы Рустам Миннихановты қабылдады. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысының айтуынша, өткен жылы Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 22,5 пайызға өсіп, 597 миллион доллардан асты. Машина жасау саласында «Татнефть», «КАМАЗ» компанияларының қатысуымен ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр. «Мұндай нәтижелі жұмыстардың жалғасы болу керек», - деді Мемлекет басшысы. 

Хабарламаларға жазылу