Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, 1 адам мерт болды. Оқиға салынып жатқан тұрғын үй кешенінде тіркелді. Куәгерлердің айтуынша, жарақат алған 49 жастағы азамат жедел жәрдем көлігі жеткенше қайтыс болған. Қала әкімдігінің хабарлауынша, апат техникалық ақаулардан болуы мүмкін. Қазір осы дерек бойынша жұмыс тобы құрылды. Құрылыс нысандарындағы барлық крандар тексеріледі. Полиция департаментінің хабарлауынша, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған
Салтанат Әзірбек, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Бұл дерек ҚР ҚК 277-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлаймыз. Оған Әуезов аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.
Қуан Нұрақын