Алматы қаласы: Құрылыс алаңында кран құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласы: Құрылыс алаңында кран құлады

04.04.2022

Алматы қаласының құрылыс алаңында кран құлап кетті. Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің хабарлауынша, апат Түрксіб ауданы, Жас Қанат ықшамауданында болған. Ресми мәліметке сай, зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске саламыз, қаңтар айында шаһарда құрылыс краны құлап, 49 жастағы азамат қайтыс болған еді.

Нұрсұлтан Тілектесов


Хабарламаларға жазылу