Сенат депутаттары: Еуропарламенттің қабылдаған қарары асығыс жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттары: Еуропарламенттің қабылдаған қарары асығыс жасалған

21.01.2022

Еуропарламенттің қабылдаған қарары ақиқаттан алшақ. Сенат депутаттары елде болған қаңтар оқиғасына қатысты құжат асығыс жасалған деп санайды.   

Асқар Шәкіров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары: 

Сенат депутаттары Еуропарламент қабылдаған қарар қисынсыз деп есептейді. Өйткені бұрмаланған деректерге сүйеніп жасалғаны айқын. Құжат біржақты жазылған. Осыған қатысты өкініш білдіреміз. Ал, біз өз тарапымыздан, яғни ел Парламенті 10 қаңтарда саяси топ жетекшілеріне, Сыртқы істер комитеті басшыларына және Еуропарламент жанындағы Адам құқығы комитетіне болған оқиғаның мән-жайын баяндап, хат жіберді. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Еуропалық одақтың басты өкілдерімен дереу кездесу өткізді. Сол жерде де оқиғаға қатысты кең ақпарат берді. Бұдан бөлек тек мемлекеттік органдар емес, азаматтық қоғамның айтқандарын да назарға ілмегендері түсініксіз. Тергеу кезінде ұсталғандардың құқығы қамтамасыз етілетіні және азаптауларды болдырмаудың Ұлттық алдын алу тетігінің қызметі ескерілмей отыр.


Хабарламаларға жазылу