Маңғыстау облысында блокбекеттер алынды
Маңғыстау облысындағы блокбекеттер алынды. Оның 5-еуі Ақтау қаласына кіре-беріс жолдарға, қалған 3-еуі Жаңаөзеннің маңына қойылған болатын.
Өткен түнде бөгеттер түгелдей алынып, әскери техника шығарылды. Төтенше жағдай режимі басталғалы, блокбекеттерде 114 полиция қызметкері мен 250-ден астам әскери қызметші тәулік бойы кезекшілікте тұрды. Олар 98 мыңнан астам адам мен 63 мыңға жуық автокөлікті тексерген. Ал, коменданттық сағат кезінде аймақта 400-ден астам адамға әкімшілік хаттама толтырылды.
Қалдымұрат Айғарақов, облыстық Полиция департаментінің басқарма басшысы:
19 қаңтар 00 сағат 00 минутта Маңғыстау облысында Президент Жарлығына сәйкес, төтенше жағдай режимі тоқталуына байланысты облыс бойынша орнатылған блокбекеттердің жұмысы тоқталады. Әрі қарай қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Түсінушілікпен қарағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында жаңа көпірдің арқасында қатынас жеңілдеді
05.11.2025, 21:12
Қостанайда жел электр станциялары салынып жатыр
05.11.2025, 21:10
Сарапшы: С5+1 саммиті Транскаспий дәлізінің мүмкіндігін арттыруға жол ашады
05.11.2025, 21:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2025, 21:00
Ақтөбе облысында мал ұрлығы тыйылар емес
05.11.2025, 20:55
Павлодар облысында малын қараусыз қалдырғандар айыппұл төледі
05.11.2025, 20:42
Алматыда әуе рейстері кешігіп жатыр
05.11.2025, 20:39
«Интер» - «Қайрат» матчын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
05.11.2025, 20:38