Бітімгерлер еліне қайтып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бітімгерлер еліне қайтып жатыр

17.01.2022

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымның қарулы күштерін елімізден шығару ісі жалғасып жатыр. Кеше ресейлік сарбаздардың тағы бір тобы ұшып кетті. Олар Мәскеу облысына жеткізіледі. Еске сала кетсем бітімгерлердің алғашқы легі 13 қаңтар күні қайтқан болатын. Ал 14 қаңтарда Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан және Арменияның қарулы күштері толықтай отандарына оралды. Жалпы, сарбаздар мен әскери техникаларды тұрақты мекендеріне жеткізу үшін 100-ден аса әуе рейсі жасалмақ. Бітімгерлер 19 қаңтарға дейін Қазақстаннан толық шығарылады.


Хабарламаларға жазылу