Басты Жаңалықтар ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәлімдемесі (видео)

ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәлімдемесі (видео)

«Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4578 жәбірленуші анықталды. Оның 4353-і жараланды. Оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде моргтерге қаза тапқан 225 адам жеткізілді», - деді Бас прокуратура өкілі.

Олардың бір бөлігі террактілерге қатысқан, ғимараттар мен құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасаған қарулы бандиттер. Қаза болғандардың ішінде 19 полиция және әскер қызметкерлері де бар.
Бөлісу