Утилизациялық алым: Бұл көлік пен өзге өнімдердің бағасы арзандайды дегенді білдіре ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Утилизациялық алым: Бұл көлік пен өзге өнімдердің бағасы арзандайды дегенді білдіре ме?

15.01.2022

2016 жылдан бері утилизациядан «РОП» операторы 691 млрд теңге тапқан. Осы ақшадан отандық автокөлік өндірушілерге 338,9 млрд теңге берілген. Экологиялық мәселелерді шешуге 102 млрд теңге жұмсалған, салыққа 49,1 млрд теңге төленген. Жеке компанияның қоржынында 220 млрд теңгеден астам ақша қалған ол, екінші деңгейдегі банктерде жатыр. Болашақта елдің сынына қалған Оператор РОП-тың орнына қандай ұйым келеді деген сауалға министр былай үн қатты.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Кәсіпкерлер мен халықтың арасында «Оператор РОП» дейтін компанияның қызметіне қатысты күдік көп. Бұл жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та құрылыпты. Үкіметке утилизациялық алымды «Оператор РОП» компаниясының жинауын тоқтатуды тапсырамын. Мұны мемлекеттік ұйым жасауы керек. 

2016 жылы утилизациялық алым енгізілгелі елімізде көлік құны қымбаттады. Осының алдын алу бойынша Президент тапсырмасымен утилизациялық алым мәселесі қайта көтерілді.

Бұл көлік пен өзге өнімдердің бағасы арзандайды дегенді білдіре ме? Жаңа ереженің орнауына дейін жағдай қандай болады? 

Хабарламаларға жазылу