Семейде әкімшілік ғимараты жөнделе бастады
Семейде жаппай тәртіпсіздік жасап, әкімшілік ғимаратын қиратқандар қолға түскен. Тергеу жүргізіліп жатыр. Ал стратегиялық нысан қалпына келтіріле бастады.
Ержан Жақып, тілші:
Семейде бүгін жаппай тәртіпсіздік кезінде қиратылған әкімшілік ғимараты жөнделе бастады. Бұзақылар бірінші қабатынан бастап бесінші қабатқа дейін бүлдірген. Барлық бөлмелерді аралап, тонаған. Сейфтерді бұзып, ішіндегі құжаттарды шашқан. Жиһазды қиратып, компьютерлердің қатқыл дисктерін шешіп алған. Бейнебақылау камераларын түгелдей істен шығарған. Заңсыздық жасағандардың дені ұсталған. Бірқатары іздестірліп жатыр. Тергеу жүргізілуде. Орталық алаңдағы полицияның өртелген көліктерінің қаңқалары алынып, ол аумақ жинастырылған.
Айдар Садырбаев, Семей қаласы әкімінің орынбасары:Қаланың орталық алаңын күш құрылымдары күзетіп тұр. Шаһарда коменданттық сағат талаптарын бұзғандар жоқ. Кешеден бері блок бекеттерде тұрған әскерилерге жергілікті еріктілер мен белсенділер ыстық тамақ таратып жатыр.
Қазіргі таңда әкімдік ғимаратына келтірілген шығындар бойынша, тиісті есептеу жұмыстары атқарылуда. Қызметкерлер мен вологнтерлардың күшіменен әкімдік ғимартының ішін тазарту, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы қалада қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестиция тартудың жаңа кезеңі басталады
12.09.2025, 10:53

Ақмолалық инспекторлар «Игі істер» акциясы аясында зейнеткерлерге көмектесті
12.09.2025, 10:23
Жетісу облысында жедел жәрдем көліктері табысталды
12.09.2025, 10:21
Мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады
12.09.2025, 10:20
Абай облысында денсаулық сақтау жобаларына 5,6 миллиард теңге бөлінді
12.09.2025, 10:19
Бір палаталы Парламент құру үшін референдум өткізуді ұсыну – демократияның айқын көрінісі
12.09.2025, 10:15
Албания әлемде алғаш болып министр лауазымына ЖИ-ді тағайындады
12.09.2025, 10:14
Өзбекстанда кибершабуылдарға қарсы күрес күшейді
12.09.2025, 10:13