Еліміздің барлық аумағында төтенше жағдай режимі аясында іс-шаралар жүргізілуде. Қазір респулика бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 70 бақылау-өткізу бекеті жұмыс істеп тұр.
Батыс Қазақстан облысында Орал-Ақтөбе, Орал-Атырау тас жолдарына блокбекеттер қойылды. Полиция қызметкерлері шеттен деструктивті топтардың кіруіне жол бермеу үшін көліктерді жіті тексеріп жатыр. Олардан тек дәрігердің көмегіне мұқтаж және жұмыс бабымен келген тұрғындардың өтуіне рұқсат.
Ал, Атырауда 4 жерге блок бекеттер қойылды. Қалада комиссия құрылып шығындар есептелуде. Кеше мұнда заңсыз акция ұйымдастырып, бұзақылық жасаған 104 адамды ұсталған. 4-6 қаңтар аралығында 1 адам көм жұмса, 48 адам дәрігерлік көмекке жүгінген. Оның 36-сы әскерилер мен полиция өкілдері. Бүгін түнгі 23-ден бастап облыс орталығында көпірлер жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылады. Тек арнайы рұқсат қағазы бар тұрғындар ғана жүре алады.
Ал, Тараз қаласының кіріс-шығыс қақпаларына 11, Түркістан облысына 47, Қарағанды маңына 8 блокбекет қойылды. Ақтөбенің де кіре беріс жолдарына тексеру бекеттері орналасқан. Төтенше жағдай талабына байланысты, ел астанасында да қаупсіздік шаралары күшейтілген.
Сержан Балқаш, қала тұрғыны:Блокбекеттерді қойғаны дұрыс деп ойлаймын. Машиналарды тексеріп, не апара жатқанын бәрін, біздің қауіпсіздігіміз үшін деп ойлаймын. Ешқандай уақыт алып жатқан жоқ.
Ерлік Ерімжан, қала тұрғыны:Мынау бейбіт күнде қырғын болып бәрін қиратып жатқанына қарағада ахуалға байланысты шектеу қойылғаны дұрыс деп ойлаймын.
Бауыржан Бөгенбай:Елодаға барлық бағыттар бойынша кіріп-шығуға шектеулер бар. Қала аумағында 6 блок-бекет қойылған. Олар Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар, Қорғалжың, Астрахан бағыттары. Қаладан шығам деген машиналар еш кедергісіз өтуде. Ал сырттан келген көліктердің құжаттары тексеріліп, барып қалаға жіберілуде. Бас шаһарда түнгі сағат 23:00-ден таңғы 7-ге дейін комендаттық сағат енгізілген. Бұл шаралардың барлығы да тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Жалпы, қаладағы жағдай, ахуал тұрақты.