Өзге өңірлерде де блок бекеттері қойылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзге өңірлерде де блок бекеттері қойылуда

20.03.2020

Карантин жарияланған қалаларда ғана емес, кей аймақтарға да блок посттар қойылды. Маңғыстау облысындағы «Бейнеу-Атырау» және «Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан» бағытындағы автожолдарға полиция бекеті қойылды. Жолдар ашық, тек жолаушыларды тәртіп сақшылары мен медицина мамандары тексеруде. Сонымен қатар, Түркістан облысының шекаралас аумағындағы 2 жерде блок пост істеп тұр. Оның бірі Қызылорда облысымен шектесетін жердегі «Сауран» бекеті, екіншісі Жамбыл облысымен шекара шебіндегі «Шақпақ» бақылау-тексеру орны.

Сондай-ақ, 2 адамнан коронавирус анықталған Қарағанды аумағында да індеттің таралуына жол бермеу мақсатында өзге облыстармен шектесетін жолдардың бойында 6 санитарлық бекет жұмыс істей бастады 


Хабарламаларға жазылу