Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Автобус қозғалысына жауапты мекеменің хабарлауынша барлық бағыт бойынша ешқандай шектеу жоқ. Қоғамдық көліктер кестеге сай қатынап жүр. Төлем жол жүру карточкасымен және қолма-қол ақшалай қабылдануда.