Филиппин аралдарында тайфун құрбандарының саны 375-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппин аралдарында тайфун құрбандарының саны 375-ке жетті

21.12.2021

Филиппин аралдарында «Рай» тайфуны құрбандарының саны 375-ке жетті. Мұны жергілікті полиция хабарлады. Оның дерегінше, тағы 56 тұрғын жоғалып кеткен.

Биылдыққа Филиппинге осымен 15-тайфун соққы беріп отыр. Алапат дауылдан Минданао аралындағы Орталық Висайас және Карага аймақтары қатты зардап шекті.

Жалпы алғанда, соңғы тайфун 1 миллиондай адамға зиян тигізіп, 450 мыңға жуық адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүр еткен. Ал одан ауылшараушылығы мен инфрақұрылымға келген шығын 7 миллион долларға жуықтап отыр.

Арыстан Рысбек


Филиппин тайфун

Хабарламаларға жазылу