Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 375-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 375-ке жетті

01.04.2020

Бір тәулік ішінде елімізде тағы 38 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Дәл қазіргі таңда ел бойынша науқастар саны 375-ке жетіп отыр. Қазіргі таңда карантинде 1952 адам, ал үйде 8903 азамат оқшауланған. Жалпы коронвируске 28 518 адам тексерілді. 26 адам аурудан жазылып, үйлеріне қайтарылды. Өкінішке қарай 3 адам қайтыс болды. Бұл індет еліміздің 16 аймағына тарап үлгерген. Басым көпшілігі Нұр-Cұлтан қаласында. Елордада науқастар саны 184-ке жетіп отыр. Ал Алматыда ауруға шалдыққан 84 адам тіркелді. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу