Қарағанды облысында «Қасым үйі» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында «Қасым үйі» ашылды

15.12.2021

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қарағандыда «Қасым үйі» рухани, мәдени, шығармашылық орталығы ашылды. Биыл дауылпаз ақынның туғанына-110 жыл. Енді мұнда жыр мүшәйралары, конференциялар, өзге де рухани шаралар өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, осында Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы, «Қасым» журналының редакциясы жұмыс істейді. Көпшілік арнайы көрмені тамашалады. 


Кәмел Жүністегі, жазушы:

30 жылдықты біз қалай, немен қарсы алып жатырмыз дегенде, оның бір саласы осы «Қасым үйінің» ашылуында жатыр. Мұның арғы жағында Қарағанды облысынан шыққан үлкен жазушылар, үлкен тұлғалар тұр. Мұны үлкен бір рухани, тарихи орта қылып жіберу керек. Соған дайын тұрған дүние бұл.

Хабарламаларға жазылу