Қостанайда көлік суға батып, екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда көлік суға батып, екі адам қаза тапты

14.12.2021

Қостанай облысында ішінде үш адам болған жеңіл көлік жұқа қатқан көлдің мұзы ойылып, суға батып кетті. Лисаков қаласының тұрғындары су қоймасына балық аулауға барған. Олардың бірі – 62 жастағы ер адам өз бетінше сыртқа шығып үлгеріп, тірі қалды.

Ал 65 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлы көлікпен бірге суға кетіп қаза тапты. Оқиға орнына келген төтенше жағдай қызметкерлері олардың жансыз денесін келесі күні алып шықты. Әзірге көлікті мұз бетіне шығара алмаған.

Дәуренбек Әбдібек


Қостанай

Хабарламаларға жазылу