Сарапшы: 1-2 бөлмелі пәтердің бағасы көтерілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: 1-2 бөлмелі пәтердің бағасы көтерілуі мүмкін

13.12.2021

Келер жылы бір және екі бөлмелі пәтердің бағасы көтерілуі мүмкін. Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті тұрғын үй нарығына осындай болжам жасады. Ермек Мүсіреповтың айтуына қарағанда, бағаның өсуіне зейнетақы ақшасын алуға қатысты ақпарат әсер етеді. Қордан ақша алудың шекті межесі келер жылдың сәуір айына дейін өзгермеген соң, 1-2 бөлмелі пәтерге сұраныс артады.

Сарапшы әсіресе бағасы көпке қолжетімді үйлер құны 15%-ке өсетінін айтады. Тек сәуірден кейін ай сайын 3%-ке арзандауы мүмкін дейді. Қазір де нарықта үйдің бағасы арзан емес. Оның үстіне бұған дейін жаңа өзгеріс енгізілетіні туралы ақпарат тараған үш күнде халық зейнетақы қорындағы ақшасын шешуге 46 мың өтініш берген еді.

Хабарламаларға жазылу