Үндістандық Харнааз Сандху «Ғалам аруы» атанды. Сұлулық байқауы Израильдің Қызыл теңіз жағалауындағы порттық қаласы Эйлатта өтті. Биыл 70-мәрте ұйымдастырылған конкурсқа жер шарының 80 елінен 80 қыз қатысты.
21 жастағы жеңімпаз Үндістанның Чандигарх қаласында модель болып жұмыс істейді. Ал екінші және үшінші орындарды Оңтүстік Африка мен Парагвай өкілдері иеленді.
Айта кетсек, «Алматы аруы» Азиза Тоқашова осы байқаудың жартылай финалына қатысқан.
Арыстан Рысбек