АҚШ-тың Кентукки мен тағы бес штатында алапат торнадо құрбандарының саны 100-ден асып кетті. Үйінділер астынан тірі адамдарды табуға деген үміт үзіліп барады. Қазір тұтастай жермен-жексен болған қалаларда жоғалып кеткен ондаған тұрғын іздестіріліп жатыр.
Жалпы алғанда, жұма күні Құрама Штаттардың орталық батысына 30-ға жуық құйын соққы берген.
Президент Джо Байден мәлімдегендей, федералдық үкімет торнадодан зардап шеккен аудандарға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға әзір.
Арыстан Рысбек